Госорганы

Қазақстанның 6 өңірінде ауа райына байланысты жол жабылды

Республикалқ маңызы бар 26 күре жол жабық

Ауа райының нашарлауына байланысты еліміздің бірнеше облысында жол қозғалысына шектеу енгізілді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«ҚазАвтоЖол» АҚ мәліметінше, жалпы ұзындығы 2,9 мың шақырымды құрайтын 26 күре жол жабық.

«Ақмола, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Солтүстік Қазақстан және Павлодар өңірлерінің аумағындағы бірқатар жолда көлік қозғалысына шектеу енгізілді. Бұл – республикалық маңызы бар жолдар желісінің 12%-ы», — деп атап өтті ұлттық оператор өкілдері.

Қысқы күтіп-ұстау жұмыстарына 230 бірлік арнайы техника мен 300 маман жұмылдырылды. 120 м3 құм-тұз қоспасы пайдаланылды.

Еске салайық, бұған дейін республиканың үш өңірінде жол қозғалысына шектеу қойылғанын, сондай-ақ елорда сыртындағы барлық бағыт бойынша жол қозғалысы шектелгенін хабарлаған болатын

Другие новости

Back to top button