Главное

Қазақстанның 10 өңірінде түрмеде отырғандармен байланысы бар қылмыстық топтар ұсталды (ВИДЕО)

Қазақстанның 10 өңірінде түрмеде отырғандармен байланысы бар қылмыстық топтар анықталып, қолға түсті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

ІІМ Ұлттық қауіпсіздік комитетімен бірлесіп, прокуратура органдарының үйлестіруімен мекемелерге есірткі жеткізу арнасын жолға қойып, бопсалаумен және криминалитетті қаржыландырумен айналысқан қылмыстық топтардың жолын кесу бойынша ауқымды операция өткізді.

Ведомство мәліметінше, жедел-тергеу әрекеттері бір уақытта елдің 10 аймағында өткізілді. Жалпы іс-шаралар қылмыстық-атқару жүйесі мекемелеріндегі ахуалды тұрақсыздандырып, ұстау режимін бұзуға әрекет жасаған адамдарды анықтауға бағытталды.

ІІМ жедел әзірлеу барысында жолға қойылған схема бойынша әрекет ететін топтардың желісі құжатталғанын хабарлады. Олардың қатарына бірнеше рет сотталған адамдар кірген.

«Барлығы 118 күдікті, оның ішінде қылмыстық ортаның 13 өкілі ұсталды. 100-ден астам тінту шарасы жүргізілді. Үш Калашников автоматы, екі травматикалық тапанша, әртүрлі калибрлі оқ-дәрілер, 11 кг-дан астам есірткі, мобильді құрылғылар және заңсыз құжаттама тәркіленді. Ұсталған адамдардың арасында алыс және жақын шетелдердің криминалитет өкілдері болғанын атап өткен жөн. Жедел іс-шаралар жалғасып жатыр», — деді ІІМ ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментінің өкілі Қуандық Алпыс.

Другие новости

Back to top button