Госорганы

Қазақстаннан 40 мың ресейлік транзитпен өткен – ІІМ

Соңғы күндері Қазақстанды 40 мың ресейлік транзитпен кесіп өткен. Бұл туралы ҚР ІІМ Көші-қон комитеті төрағасының міндетін атқарушы Аслан Аталықов мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«Тек осы қыркүйектің соңғы күндерінің өзінде Ресей Федерациясының 40 мыңнан астам азаматы Қазақстаннан транзитпен өтті. Мыңдаған адам Қазақстан арқылы оңтүстік көршілерімізге – Қырғызстан мен Өзбекстанға кетті. Бес күнде алты мыңға жуық ресейлік еліміз әуежайлары арқылы Қазақстаннан ұшып шықты. Қазақстанның Ресей Федерациясы азаматтары үшін транзиттік әлеуетін ұмытпау керек», — деді Аслан Аталықов Ішкі істер министрлігінде өткен брифингте.

Ол Қазақстан мен Ресей арасындағы құрлықтағы шекараның ұзындығы 7591 шақырымды құрайтынын еске салды. Бұл – әлемдегі ең ұзын құрлық шекарасы.

«Белгілі болғандай, ресейлік әуежайларда сұраныстың жоғары болуына байланысты әуе билеттерінің қолжетімділігіне қатысты қиындықтар басталған. Ал ресейліктердің біздің әуе айлағымызды қоныс аударудың бір мүмкіндігі ретінде пайдалануы да иммиграция ағынының бір себебі болып отыр», — деді А. Аталықов.

 

Другие новости

Back to top button