Ақша

Қазақстандықтардың мобильді аударымдарын бақылау: ең төменгі сома 1 млн теңгеге жетуі мүмкін

Қаржы министрлігі қазақстандықтардың мобильді қаржы аударымдарының тексерілуіне қатысты тағы бір өзгерісті жариялады. Бұл аударымдардың ең төменгі сомасына қатысты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Бұрынғыдай үш ай қатарынан жүз және одан да көп аударым алатын қазақстандықтардың есепшоттары бақылауға алынған. Екінші деңгейлі банктер мұндай жағдайлар туралы ақпаратты мемлекеттік кіріс органдарына беруге міндетті.

«Талдау қорытындысы бойынша Қаржы министрлігі Ұлттық банкпен және банктермен бірлесіп, үш күнтізбелік ай қатарынан 12 ең төменгі жалақыдан асатын кіріс мобильді аударымдарына қатысты  (жеке кәсіпкер ретінде міндетті тіркелу үшін жылдық табысы ең төменгі жалақының 12-ден жоғары болуы керек) қолданыстағы критерийлерді толықтыру туралы шешім қабылдады», — деп хабарлады Қаржы министрлігі.

Яғни, осыған дейін тексерулер үшін аударымдардың ең аз сомасы 255 мың теңгені құраса, енді миллион теңгеге дейін өсуі мүмкін.

Қаржы министрлігінің тиісті бұйрығы қазір Ұлттық банктің қарауында.

Другие новости

Back to top button