Выбор редакцииГосорганы

Қазақстандықтар тұрғылықты жер бойынша тіркелу жөнінде SMS-хабарлама ала бастады

Қазақстандықтар 21 қазаннан бастап тұрғылықты жері бойынша тіркеу жайлы SMS-хабарламалар ала бастаған. Ішкі істер министрлігі хабарламаға қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Polisia.kz.

Министрлік мәліметінше, осындай SMS-хабарлама дерекқорда тіркелу туралы мәліметтері жоқ азаматтарға жіберіледі. Сондықтан тұрғылықты жер бойынша тіркелу қажет.

Мұндай хабарламаларды жіберудің мақсаты – нақты тұратын жері бойынша тіркеусіз тұруға байланысты әкімшілік құқық бұзушылықтардың алдын алу. Сондай-ақ әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан осал азаматтарға қосымша қаржылық жүктемені азайту (әкімшілік жауапкершілікке тартуды болдырмау үшін).

Бүгінде тұрғылықты жері бойынша тіркеусіз тұрғаны үшін 10 күннен 1 айға дейін ескерту түрінде әкімшілік жауапкершілік, 1 айдан астам уақытқа 7 айлық есептік көрсеткіш немесе 21 441 теңге мөлшерінде айыппұл қарастырылған (“Әкімшілік құқық бұзушылық туралы” Қазақстан Республикасы Кодексінің 492-бабы). Қазіргі уақытта тұрғылықты жері бойынша тіркеу қызметі “Электрондық үкімет” порталында, сондай-ақ “Halyk Bank” АҚ-нің – “Halyk Homebank” мобильді қосымшасында қолжетімді.

Тұрғылықты жер бойынша тіркелуді порталдағы “жеке кабинетте” (eGov.kz) немесе “eGov mobile” мобильді қосымшасында тексеруге болады.

 

Другие новости

Back to top button