Главное

Қазақстандықтар шілде айында қанша күн демалады

Шілде айында Астана күніне орай қазақстандықтардың демалыс бір күнге ұзарады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

2025 жылдың шілде айында  Астана күніне орай қазақстандықтарға қосымша демалыс күндері беріледі. 1998 жылы ел астанасының Алматыдан Астанаға көшірілуіне байланысты мереке дәстүрлі түрде 6 шілдеде атап өтіледі.

Жыл сайын бұл күнге орай ел бойынша ауқымды мерекелік іс-шаралар өткізіледі. Әсіресе Астанада мереке қарсаңында түрлі концерттер, фестивальдер, жәрмеңкелер мен көрмелер ұйымдастырылады. Астана тұрғындары мен қонақтары қызық бағдарламаларды тамашалай алады.

2025 жылы 6 шілде жексенбіге сәйкес келгендіктен «Мерекелер туралы» заңға сәйкес, демалыс күні дүйсенбі — 7 шілдеге ауыстырылады. Осылайша, қазақстандықтарды қатарынан үш күн, яғни 5 шілдеден 7 шілдеге дейін демалады.

Бес күндік жұмыс аптасы бойынша:

  • 5 шілде (сенбі) — демалыс күні;

  • 6 шілде (жексенбі) — Астана күні;

  • 7 шілде (дүйсенбі) — ауыстырылған демалыс күні;

Алты күндік жұмыс аптасы бойынша:

  • 5 шілде (сенбі) — жұмыс күні;

  • 6 шілде (жексенбі) — Астана күні;

  • 7 шілде (дүйсенбі) — демалыс күні;

2025 жылдың шілде айында бес күндік жұмыс аптасы бойынша жұмыс істейтін қазақстандықтар 9 күн демалып, 22 күн жұмыс істейді. Ал алты күндік жұмыс кестесімен еңбек ететін тұрғындар 5 күн демалады, 26 жұмыс істейді.

Шілде айы ресми демалыс күндері болмаса да, бірқатар кәсіби мерекелерге толы. Атап айтқанда:

  • 2 шілде – Дипломатиялық қызмет күні

  • 6 шілде (айдың бірінші жексенбісі) – Теңіз және өзен көлігі қызметкерлерінің күні

  • 9 шілде – Су шаруашылығы қызметкерлерінің күні

  • 10 шілде – Ветеринария қызметкерлерінің күні

  • 13 шілде – Қазақстанның ұлттық қауіпсіздік органдарының күні

  • 13 шілде (айдың екінші жексенбісі) – Балық шаруашылығы қызметкерлерінің күні

  • 14 шілде – Нотариат күні

  • 20 шілде (айдың үшінші жексенбісі) – Металлург күні

  • 27 шілде (айдың төртінші жексенбісі) – Сауда қызметкерлерінің күні

Другие новости

Back to top button