Госорганы

Қазақстандықтар мамырда неше күн демалады

«Ашық НҚА» порталында Еңбек министрінің мамырдағы демалыс күнін ауыстыру туралы бұйрық жобасы жарияланды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Құжат бойынша демалыс күнін 4 мамыр сенбіден 8 мамыр, сәрсенбіге ауыстыру көзделген.

Құжат қабылданса, ел тұрғындары үш күн қатарынан демалады. Яғни, 7 мамыр (Отан қорғаушылар күні), 8 және 9 мамыр (Жеңіс күні) күндері демалыс болып жарияланбақ.

Фотоколлаж: Azattyq Ruhy/Әбілқасым Есентаев

5 күндік жұмыстағыларға:

  • 1 мамыр – демалыс;
  • 2, 3, 4 мамыр – жұмыс;
  • 5 мамыр – демалыс;
  • 6 мамыр – жұмыс;
  • 7, 8, 9 мамыр – демалыс;
  • 10 – жұмыс;
  • 11 және 12 мамыр – күнтізбелік демалыс болады.

Другие новости

Back to top button