Қазақстандық теннисші әлемдік рейтингте рекордтық көрсеткішіне қол жеткізді

Қазақстандық теннисші Тимофей Скатов әлемдік рейтингте рекордтық көрсеткішіне қол жеткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Қазақстан теннис федерациясынан мәлім еткендей, Кәсіби теннисшілер қауымдастығы (ATP) жария еткен жаңартылған рейтингте Александр Бублик 36-орнында қалды.
Қазақстанның екінші ракеткасы Тимофей Скатов Чилидегі челленджер жарысының финалына дейін жетуі нәтижесінде 144-тен 129-сатыға көтерілді.
Оған дейін оның үздік көрсеткіші 141-орын болатын. Сөйтіп ол ТОП-100-ге енуге жақындап келеді.
Бейбіт Жукаев 170-тен 168-ге ауысса, Михаил Кукушкин, Денис Евсеев, Дмитрий Попконың рейтингтегі жағдайы нашарлап кетті.
Жұптық сында Андрей Голубев 49-дан 48-ге жоғарыласа, Александр Недовесов 59-дан 65-ке сырғыды.
Ерлер арасында қазақстандық теннисшілердің орны мынадай:
36 (0). Александр Бублик – 1095
129 (+15). Тимофей Скатов – 257
214 (-18). Михаил Кукушкин – 284
305 (+2). Бейбіт Жукаев – 168
335 (-30). Денис Евсеев – 145
324 (-32). Дмитрий Попко – 120
975 (-1). Григорий Ломакин – 12.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Новак Джоковиичтің оныншы рет Аустралия чемпионы атанғанын жазған едік.
Новак Джокович оныншы рет Аустралия чемпионы болды.
Сондай-ақ Заңғар Нұрланұлы алғаш рет ITF Juniors турнирінде чемпион атанды.
Ал Тимофей Скатов Чилидегі турнирдің финалында жеңіліп қалды.
Қазақстан тарихында алғаш рет Елена Рыбакина 10-ракетка атанды.