Алматы

Қазақстандық көрермендер үшін Яндекс-пен дыбысталған Гай Ричидің фильмдері алғаш рет үлкен экранда көрсетіледі

Алматы қаласының Бас Ботаникалық бағында ЯндекстіңПлюс Дача алаңында Яндекс дубляжымен Гай Ричидіңқазақ тіліндегі блокбастерлерінің көрсетілімдері өтеді.


18 қыркүйектен бастап бір апта ішінде көрермендер танымалрежиссердің «Джентльмены», «Переводчик» және «Гнев человеческий» атты фильмдері енген шағынретроспективасын, сондай-ақ «Ангел в тюбетейке»сияқты қазақстандық классиканы тамашалай алады.

Осы фильмдер Плюс Дача көрсетілімдерінен басқа, Яндекс Кинопоиск кинотеатрында да қолжетімді. Кинопоиск Гай Ричидің жаңа фильмдерінің бірлескенпродюсері болып табылады, сонымен қатар арнайықазақстандық нарық үшін оның шығармашылығы мен басқа да көрнекті жобаларын жергіліктендіреді. Сервистеқазақстандық блокбастерлер, «Қазақфильмнің» кеңкітапханасы, сондай-ақ қазақ тілінде дубляжы бар ресейлік және халықаралық үздік хиттер жинақталған.  

«Туған тілінде кино көру адам жанын әрдайымсүйсіндіреді. Әсіресе қазақстандық көрермендер үшін бізконтентті жергіліктендіреміз: кәсіби дубляж жасаймыз, субтитрлер қосамыз. Қазір біздің Кинопоисконлайн-кинотеатрымызда қазақ тілінде дубляждалған50-ден астам шетелдік фильмдер мен хикаяларұсынылған (мысалы, «Джон Уик», аниме «Атака Титанов», үнділік хит «Рядом ревет революция»), сондай-ақ контентті белсенді түрде жергіліктендірудіжалғастырудамыз. Мысалы, қыркүйек айының соңындаплатформада «Леди Баг и Супер Кот» танымалхикаясының негізінде қазақ тілінде дыбысталған жаңаанимациялық блокбастер қолжетімді болады», депатап өтті Яндекс Плюстің Қазақстан мен ОрталықАзиядағы бас директоры Александр Фролов.

Қазақ тіліне аударылған әлемдік жобалардан басқа, Кинопоиск пайдаланушылары арасында қазақстандықконтент сұранысқа ие. Сервис пайдаланушылары 2,5 миллион сағаттан астам уақыт бойы қазақстандықконтентті тамашалаған. Оның ішінде тек 2023 жылы ғана1,8 миллион сағаттан асады.

Анықтама:

Плюс Дача — Алматы қаласының Ботаникалықбағындағы қалалық мәдени алаң. Іс-шаралар бірегейкамералық форматтарда өтеді: Кинопоиск-тен кино көрсетілімдері, Яндекс Музыкадан музыкалық оқиғалар, шеберлік кластары және т.б. Кеңістік 24 қыркүйеккедейін жұмыс істейді. Барлық оқиғалар Яндекс Плюс жазылушыларына алдын ала тіркелу бойынша тегін.

Другие новости

Back to top button