Қазақстандық «гринкарта» кімдерге беріледі
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігін «Ата жолы» картасын қалай алуға болатынын түсіндірді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
«Ата жолы» картасы – этникалық қазақтарға елімізде бизнес-кейстерін іске асыруға және елде тапшы мамандардың қызмет етуіне берілетін құжат. Карта иелеріне республика аумағында азаматтықтарын сақтай отырып, 10 жылғы дейін тұрақты тұруға рұқсат беріледі. Бұл құжатты «Құтты мекен» мобильді қосымшасының көмегімен өтініш беру немесе Қазақстан елшілігіне жүгіну арқылы алуға болады.
Ережеге сәйкес, «Ата жолы» картасы үш санаттың біріне сәйкес келетін шетелде тұратын этникалық қазақтар үшін ұсынылады:
– ҚР азаматтығына қабылдаудың оңайлатылған тәртібі белгіленетін адамдар үшін кәсіптің болуы;
– үміткердің Қазақстанда талап етілетін кәсіптерге ие болуы;
– тұрақты тұратын немесе азаматтығы бар елде тіркелген жұмыс істеп тұрған бизнестің болуы.
Құжатты алу үшін «Құтты мекен» мобильді қосымшасы арқылы өтініш беру немесе Қазақстан елшілігіне жүгіну қажет.
Тіркелгеннен кейін өтінім бес жұмыс күні ішінде қаралады. Содан кейін әлеуметтік қорғау және халықты жұмыспен қамту саласындағы жергілікті атқарушы орган сол қосымша арқылы алушыны құжаттың ұсынылғаны туралы хабардар етеді.
«Ата жолы» картасын «Құтты мекен» қосымшасынан алуға болады.
“Осыдан кейін этникалық қазақ виза алу үшін ҚР СІМ-нің шетелдегі мекемесіне жүгіне алады немесе (тұратын елімен визасыз режимде) көшіп келушілердің келуі мен болуының қазақстандық тәртібіне сәйкес бірден елге келе алады. Келгеннен кейін «Ата жолы» картасының иегері ұзарту мүмкіндігімен 10 жыл мерзімге тұруға ықтиярхатты ресімдеу үшін аумақтық ішкі істер органдарына жүгінуге тиіс. Карта алынған санатқа байланысты этникалық қазақ не жұмыс берушімен шартқа қол қояды және оны «еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесінде» тіркейді, не өзінің бизнес-жоспарын жүзеге асыруға кіріседі”, – делінген хабарламада.
«Ата жолы» картасы иегерлерінің этникалық қазақтардан басты айырмашылығы – олар басқа елдің азаматы болып қала отырып, азаматтар мен қандастар сияқты құқықтарға ие болады.
Мәселен, оларға қазақстандық заңнамаға сәйкес жұмысқа орналасу немесе кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру құқығы, медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде әлеуметтік төлемдер жүргізу және қызмет алу, тегін орта білім алу, мемлекеттік мекемелерде тегін арнаулы орта немесе жоғары білім алу конкурсына қатысу немесе жеке оқу орындарында ақылы оқу және т. б. мүмкіндігі қолжетімді болады.
Еске салайық, бұдан бұрын «Ата жолы» картасы 2023 жылдың шілдесінен бастап беріле бастайтыны хабарланған.