Культура

Қазақстандағы TikTok жылы: 2024 жылғы ең жарқын оқиғалар мен креаторлар

TikTok қысқа бейне роликтерін көруге және жасауға арналған жетекші платформа 2024 жылғы ең жарқын сәттерді және авторларды атап өтіп, жыл қорытындысын жасады.

Биылғы жыл Қазақстандағы Tik Tok қауымдастығы үшін жаңалықтар мен шабыт уақытына айналды. 2024 жыл бойы TikTok қолданушылары жаңа ақпарат алып, өздерінің шығармашылықтарын көрсетті және барлығына түсінікті бейнеконтент тілі арқылы бірікті. Креатив арқылы миллиондаған қолданушылардың сүйіспеншілігіне бөленген шағын бизнестен бастап мәдени трендтердің шыңына шыққан креаторлар мен музыканттар — олардың барлығы TikTok қалай жаңа мәдени үрдістер мен креативті экономиканың дамуының катализаторы болып қала беретінін көрсетеді

TikTok 2024 жылды қорытындылап, осы жыл ішінде платформада өзін айқын көрсете білген және мазмұн жасаудағы бірегей көзқарасының арқасында ерекше көзге түскен  креаторлардың есімдерін жариялайды.

Жеке тақырыптық санаттағы номинанттар мен жеңімпаздар тізімін ұсынамыз, сондай-ақ 2024 жылды Қазақстандағы платформада ерекше еткен TikTok жобаларын еске түсіреміз.

Жылдың серпіні: TikTok-та жарқ еткен креаторлар

Жеңімпаз:

@adam__official — атмосфералық әндері Қазақстанда да, одан тыс жерлерде де TikTok қауымдастығын жаулап алған музыкант Adam;  

Номинанттар:

@sad.raddin – өз өмірінің сахнасы сыртындағы жаңа тректер мен контенттің арқасында TikTok-та аудиториясын тез жинауды жалғастырып жатқан Қазақстанның басты музыкалық феномендерінің бірі;
@bekes_miras – көшедегі сауалнамалар, конкурстар және көңілді контент арқылы аудиторияны тартатын ойын-сауық шебері;
@crazyparaaa – бейнелерді әлеуметтік маңызды тақырыптарға, сондай-ақ бірлескен тұрмыспен байланысты күлкілі жағдайларға бөлетін креаторлар отбасы.
@dasha_dolli – Даша Скворцова өзінің сюжетімен баурап алатын фантастикалық скетчтер түсіруде.

Жергілікті бизнес: жергілікті қоғамдастықтың жүрегін жаулаған шағын және орта бизнес

 

Жеңімпаз:

@skindelicious.space – өз аудиториясымен маңызды нәзік тері күтімі туралы сөйлесетін танымал сұлулық креаторы Нұрсұлтан Қиябайдың косметика дүкені;    

Номинанттар:

@doner_na_satpayeva_ – өз клиенттерінің бейнелерін басты кейіпкер ететін Алматыдағы танымал жергілікті донер;  
@lanzhou.kz – Қытай тағамдарына мамандандырылған тез тамақтану мейрамханасы. Мекеме трендті және күлкілі бейнелердің арқасында платформада танымал болды;
@life_football_astana – Аккаунтында футбол жанкүйерлері сүйікті спорт түрі туралы білімдерімен жарысатын Астаналық футбол дүкені;
@bobateakz — TikTok-та екінші жыл қатарынан жыл қорытындысына түскен және TikTok-тағы оқырмандарын күлкілі бейнелермен қуантатын, танымал трендтерге бейне түсіретін, қол жетімді бабл-ти сусындарының сұрыптамасын көрсететін Boba шай дәмханасы.

TikTok-та оқы: олардың арқасында білім алу қол жетімді және қызықты болатын креаторлар

Жеңімпаз:

@physicsphenom – физика бойынша эксперименттермен қызықты бейнероликтер жасайтын Тараздағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқытушысы;  

Номинанттар:

@r.m.shugga – ежелгі артефактілерді көрсете отырып, нақты қазба жұмыстарынан қызықты бейнелермен бөлісетін креатор-археолог;  
@ongliski – ағылшын тілінің қол жетімді сабақтарын жүргізеді, оның көмегімен сіз сөздік қорыңызды және сөйлеу қабілетіңізді жақсарта аласыз;  
@botagozomarova2 – Жетісу облысы Алакөл ауданы Достық кентінен орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Ботагөз Омарова, өзінің харизмасы мен материалды ұсынудағы ойын сауық тәсілінің арқасында жүздеген мың TikTok пайдаланушыларын өз сабағына ғашық етуде;
@izden_education – қазақ тілі мен мәдениеті туралы фактілерге қызығушылық танытқандарға, оның ішінде ұлттық тілді басынан бастап үйренетіндерге арналған аккаунт.    

Репиттегі тағамдар: TikTok-тың аспаздық құпиялары

Жеңімпаз:

@romalfood – тәбетіңізді ашатын рецепттер. Ромаль өз аккаунтында бірінші рет дайындаған тағамдарды ғана түсіреді;

Номинанттар:

@shynar_berdysheva – Шынар өз бейне роликтерін ақпараттық түсіндірмелермен толықтыра отырып, үйде дайындалатын дәмді тағамдарды түсіреді;
@russokitchen – Руслан өз парақшасында әлемнің түкпір-түкпірінен алынған аспаздық жауһарларды жинады. Аспаздың ерекшелігі, ол көптеген бейнелерін ашық отта, таза ауада түсіреді;  
@di.amidova – тамақ дайындаудағы эстетика туралы. Диана Амидова әртүрлі елдердің ең танымал тағамдарын дайындап, сонымен қатар ас үйде өзінің лайфхактарымен бөліседі.  
@vkadre_kz –  өз парақшасында Қазақстанның түкпір-түкпірінен таңғажайып пейзаждарды жинап, олардың аясында далада түрлі тағамдарды дайындайды.

#Кiтапток: кітапқұмарлар қауымдастығы

Жеңімпаз:

@aisha.bookpies – платформа пайдаланушыларын оқуға шабыттандыратын және заманауи әдебиет әлемінде адаспауға көмектесетін жаңа кітаптар жөніндегі нұсқаулық. Аиша оқу процесіне деген ерекше көзқарасымен және ASMR кітап форматымен ерекшеленеді;  

Номинанттар:

@evilite_ – оны коллекционер деп атауға болады, себебі оның үй кітапханасында 1000-нан астам кітап бар. Ол жаңа кітаптарға және классикаға шолулар жасай отырып, өз бейнелерінде ең қызықты кітаптарымен бөліседі;  
@antiqbooks.kz – құнды антикварлық басылымдар туралы білуге болатын сирек кітаптарды бағалайтындарға арналған аккаунт;    
@books_simvolvery – тек танымал бестселлерлерге ғана емес, сонымен қатар назар аударуға лайық аз танымал шығармаларға да көңіл бөледі;  
@bookcenter_kz – «Эрудит» кітап орталығының аккаунты кітаптарды қалай дұрыс және тиімді оқу керектігін, сондай-ақ барлық жағдайларға арналған таңдаулармен бөліседі.  

Ұлттық мәдениет: ұлттық мұраны насихаттайтын аккаунттар

Жеңімпаз:

@assolyaa – өз жауһарларын тікелей кілемдерде қазақи сарынмен жасайтын суретші;

Номинанттар:

@ult_kazynasy – аккаунт авторлары әртүрлі өңірлердің мәдени және тілдік ерекшеліктеріне назар аудара отырып, Қазақстан тарихы туралы бейне түсіреді;
@zhakso_ – Жакс Мұхаметжанов ежелгі ұлттық аспапта танымал заманауи композициялардың каверлерін орындай отырып домбыраны танымал етуде;  
@nurqojadua – Нұрқожа Ерсайын Қазақстанның мәдениеті, дәстүрлері мен көрікті жерлері туралы ақпаратпен бөліседі, сондай-ақ қазақ тілін танымал етуде;  
@beshman_kz – Виктор Розум аспаздық контентпен бөліседі, дегенмен, оның бейне роликтеріндегі ең көп таралған тағам бешбармақ болды.  

Қазақстан Бойынша Гид: ең үздік саяхатшы-креаторлар  

Жеңімпаз:

@zhuldyz_rakhmet – платформаны пайдаланушылар үшін Қазақстанның көрікті жерлері бойынша виртуалды гидқа айналған тревел-журналист;  

Номинанттар:

@gabchenko.outdoor – жаяу серуендеуге дайындық және кемпингті ұйымдастыру туралы пайдалы ақпаратпен бөлісетін саяхатшы Александр Габченко.  
@travelove100 – кәсіби саяхатшы Әсет Мырзабаев жұбайы Махаббатпен бірге Қазақстан мен бүкіл әлем бойынша саяхаттар туралы бейне түсіреді. Соңғы екі жылда олардың аудиториясы екі есеге өсті және миллионға жуық жазылушыға жетті.
@yeldosaytuganov_blog – Елдос Айтуғанов түрлі мейрамханалар, дәмханалар мен азық-түлік жеткізілімдеріне шолулар түсіріп, сондай-ақ ең дәмді тағамдар туралы жеке ұсыныстарымен бөліседі.
@aibekmm – Айбек Малтүгелов табиғаттағы өмір туралы атмосфералық және керемет әдемі бейнелер түсіріп, таза ауада тағам дайындайды және Қазақстан табиғатының сұлулығымен бөліседі.

Негізгі хиттер: TikTok қолданушылары қандай музыканы тыңдады

Бұл TikTok-тың жаһандық жыл қорытындыларындағы жеке санат, онда марапаттау түрі қарастырылмаған, алайда, дәстүрлі түрде ең танымал, оның ішінде қазақстандықтар арасындағы музыкалық шығармалар ұсынылған. Биылғы жылы TikTok-тағы ең танымал он ән бүкіл әлемдегі платформа пайдаланушыларын 200 миллионнан астам контент жасауға шабыттандырды және және Spotify-да 8 миллиардтан астам тыңдалым жинады.  

Сонымен, биылғы жылдың хиттері:

1. «Gata Only» – FloyyMenor & Cris Mj
2. «Pedro» – Jaxomy, Agatino Romero & Raffaella Carrà
3. «Alibi» – Sevdaliza feat. Pabllo Vittar & Yseult
4. «MILLION DOLLAR BABY  (VHS)» – Tommy Richman
5. «Tell Ur Girlfriend» – Lay Bankz
6. «La Diabla» – Xavi
7. «Nasty»  – Tinashe
8. «BIRDS OF A FEATHER» – Billie Eilish
9. «Forever Young» – Alphaville
10. «Beautiful Things» – Benson Boone

TikTok 2024 жылы Қазақстандағы пайдаланушыларды қалай шабыттандырды:

Қысқа бейнефильмдер байқауын өткізді

TikTok Қазақстандағы авторларына өз шеберліктерін көрсетіп, үшінші жыл қатарынан Канн кинофестивалі аясында өткізіліп отырған #TikTokShortFilm байқауына қатысуға мүмкіндік берді. Сонымен қатар, қазақстандықтар үшін Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен «Қазақстандағы үздік фильм» және «Қазақ тіліндегі үздік фильм» атты екі номинацияда өздерінің қысқа фильмдерін ұсына алатын арнайы жергілікті конкурс қарастырылды. Музыканың адамдар өмірін сұлулыққа толтыратыны жайлы қысқа фильміменавтор @monaalemi, сондай-ақ отбасы тарихы туралыәсерлі қысқаметражды фильмімен автор @karlygash_telearnasy байқау жеңімпаздары атанды. Сыйлық ретінде олар Каннға саяхат жасап келді.

Мәдени мұраны насихаттап, дәстүрлерді құрметтеді

Наурыз айында платформада екінші жыл қатарынан Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің, Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің және «Kazakh Tourism» Ұлттық компаниясының қолдауымен #Наурыз2024 мерекелік онлайн-фестивалі өтті. Қазақстандықтар мерекеге қалай дайындалып, Наурыз мерекесін атап өтетіні туралы 27 мыңнан астам бейне және фотоконтент жасады: бұл өткен жылмен салыстырғанда екі есе көп болды.  

Сондай-ақ, TikTok 2024 жылғы 8-13 қыркүйек аралығында Астанада өткен 5 Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ресми ақпараттық серіктесі болды. Платформа Ойынға қатысушылар мен ұйымдастырушылардың бейнелерімен іс-шараға арналған арнайы парақша ашты. Сонымен қатар, платформада жарыстардан тікелей эфирлер жүргізілді және пайдаланушылар #WorldNomadGames2024 хэштегі бойынша іс-шара туралы бейне түсірді.  

Қазақстан бойынша саяхаттауға шақырды

Осы жылдың тамыз айынан қыркүйек айына дейін #ГидПоКазахстану жобасының кезекті кезеңі өтті, ол платформаны пайдаланушылар үшін ауқымды шығармашылық жарысқа айналды. Жоба барысында Қазақстан бойынша саяхат туралы 24 мыңнан астам бейнеролик жасалды.  

Білімді таратты

Үшінші жыл қатарынан TikTok Қазақстан Республикасы Білім және ғылым және жоғары білім министрлігінің қолдауымен #Қазақстан мұғалімі байқауын өткізді. Бұл ұлттық жарысқа мектеп мұғалімдері, орта және жоғары оқу орындарының оқытушылары қатысты.  

Жергілікті стартаптарды қолдады

TikTok Astana Hub-пен бірлесіп стартаптар үшін кеңейтілген білім беру бағдарламасы – TikTok StartUp Академиясын іске асырды. Осы бастаманың аясында Қазақстан, Әзірбайжан, Өзбекстан және Қырғызстан стартаптарының өкілдері платформада табысқа қалай жетуге болатынын және қоғамдастықтың назарын өз өніміне аудару туралы үйренді. Жобаға 200-ге жуық стартап қатысты, Оның 10 питч-сессия қорытындысы бойынша жеңімпаз атанып, ортақ жүлде қорын өзара бөлісті олар жүлдені TikTok-та жарнамалау үшін жұмсай алады.

TikTok туралы

TikTok – бұл қысқа бейнебаяндар жасауға арналған жетекші қосымша. Біздің мақсатымыз – адамдарды шығармашылыққа шабыттандырып, бақытқа бөлеу.

Другие новости

Back to top button