Госорганы

Қазақстандағы жаңа кедейлік шегі: министр бұйрыққа қол қойды

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова 2024 жылдың 20 желтоқсанында кедейлік шегін анықтау тәртібін өзгертетін бұйрыққа қол қойды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

МӘН-ЖАЙЫ

2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап кедейлік шегі төмендегідей болады:

  • Жан басына шаққандағы медиандық табыстың 35%-ы (өтініш беруден бұрынғы тоқсан бойынша есептеледі);
  • Өңірдегі ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70%-ынан төмен болмауы керек.

Жаңа ережелер 2025 жылдың 6 қаңтарынан бастап күшіне енеді.

Айта кетейік, 2025 жылы негізгі әлеуметтік төлемдерді есептеу үшін ең төменгі күнкөріс деңгейі 46 228 теңгені құрайды.

ЖАЛАҚЫ

Қазақстан 2024 жылдың қаңтар-қыркүйек айлары бойынша ЕАЭО елдері арасында орташа айлық жалақы мөлшері бойынша екінші орынға ие болған – айына 854 доллар.

Бұған дейін кәсіпкер Қанат Көпбаев ел экономикасының қазіргі жағдайы тоқырауда деп есептейтінін мәлім еткен.

Сондай-ақ сауалнама қорытындысы әрбір бесінші азамат елден көшуді ойлайтынын көрсеткен.

Другие новости

Back to top button