ГлавноеГосорганы

Қазақстанда такси жүргізушілері мен курьерлер 1 шілдеден бастап салық төлей бастайды

Қазақстанда такси жүргізушілері мен курьерлері 1 шілдеден бастап салық төлей бастайды деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

 

Қаржы министрлігі бұл жобаға барлығы емес, тек тілек білдірушілер қатысатынын нақтылады. Ол үшін олар жеке кәсіпкер ретінде тіркеліп, онлайн-платформаға тиісті құжаттарды ұсынуы керек. Содан кейін операторлар ай сайын олардан жарты жылдық табысының 1 пайызын алады.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мәліметінше, елімізде 500 мыңнан аса курьер бар.

Бұған дейін Мемлекеттік кірістер комитеті e-Salyq Business арнаулы мобильді қосымшасын пайдаланылатын арнаулы салық режимін қолдану тізбесі пошта жөнелтілімдерін жеткізу жөніндегі қызметтерді қоспағанда, курьерлік жеткізу қызмет түрімен толықтырылғанын хабарлады.

Мемлекеттік кірістер комитеті жобаны алғашында такси жүргізушілеріне сынап, кейін жеткізу қызметкерлерін қосатынын атап өтті.

“Яндекс” компаниясы мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерімен интеграциялау бойынша жұмыс жүргізуде, техникалық енгізудің жоспарланған мерзімі – 2023 жылдың 1 шілдесі.

 

Другие новости

Back to top button