Ақша

Қазақстанда тағы екі микроқаржы ұйымының лицензиясы тоқтатылды

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Bravo Microfinance және CashCapital микроқаржы ұйымдарының лицензиясын 3 ай мерзімге уақытша тоқтатты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Bravo Microfinance және CashCapital микроқаржылық ұйымдарының лицензиясы нормативтерді немесе өзге де міндетті нормалар мен лимиттерді бұзып, уәкілетті органның жазбаша нұсқамасын орындамағандықтан уақытша тоқтатылды.

Egov-тің мәліметінше, Microfinance MFO ұйымы Меруерт Хамитова мен Асылбек Әбділхайға тиесілі Bravo Group компаниясының басқаруында. Компания 2019 жылдың қыркүйегінде Астанада тіркелді. Оның алғашқы басшысы – Артем Котелкин.

Ал CashCapital MFO Joint Logistics логистикалық компаниясына иелік ететін Аяз Темірғалиевке тиесілі. Бұл микроқаржылық ұйым елімізде 2021 жылдан бері тіркелген.

Ұлттық банктің дерегіне сенсек, Bravo Microfinance 2024 жылдың 5 қыркүйегінде 732 миллион теңге активтерімен 221 ұйымның ішінде 88-ші орынды иеленді. Ал CashCapital құны 200 миллион теңге болатын активтерімен – 204-ші орынға тұрақтады.

Бұған дейін Қазақстандағы ірі букмекерлік кеңсе лицензиясынан айырылып, айыппұл арқалаған еді.

Другие новости

Back to top button