Госорганы

Қазақстанда сүт бағасы өзгере ме – министрдің жауабы

ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев тұрғындарды сүт өнімдерімен қамту жұмыстары туралы айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Тауарлы сүт бойынша біз әлі өз қажеттілігімзді өзіміз жаба алмаймыз. Биыл еліміздің барлық өңірінде 65 тауарлы-сүт фермасының құрылысы басталды. Бұл мақсатта 100 млрд теңге бөлінді, осылайша тағы 537 мың тонна сүт өзімізде өндіріледі. Шамамен 30 ферма биыл қолданысқа беріледі», — деді Е. Қарашөкеев Үкімет кулуарында.

Оның айтуынша, көршілес елдерде сүт бағасының арзандауы байқалған.

«Оның үстіне біз ірі тауарлы-сүт фермаларына сүттің әр литріне 45 теңгеден субсидия береміз. Сондықтан, елдегі сүт бағасы жағдайы тұрақты, еш дағдарыс болмайды», — деді министр.

Другие новости

Back to top button