Госорганы
Қазақстанда шетелден келген 14,3 мың жұмысшы бар
Қазақстанда әкімдіктердің рұқсатын алып жұмыс істеп жүрген 14 346 шетел азаматы бар, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Еңбек министрлігінің мәліметіне сүйенсек, Қытайдан 3 267 адам, Өзбекстан 2 080 мигрант , Түркиядан 946 жұмысшы және Үндістан – 885 еңбек мигранты келген.
«Экономикалық қызмет түрлері бойынша ең көп жұмыс істейтіндер құрылыс саласында – 4 905 адам, ауыл, орман және балық шаруашылығы – 1 870 адам, әкімшілік және көмекші қызметтер – 1 503, тау – кен өнеркәсібі және карьерлерді қазу – 1 361 адам, өңдеу өнеркәсібі – 1 337 адам», — деп хабарлады Еңбек министрлігі.