Госорганы

Қазақстанда қытайлық көліктердің импорты артып келеді

Соңғы бес айда елімізге Қытайдан 16 333  автокөлік импортталған

Қазақстан нарығында қытайлық көліктер саны артып келеді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Бірінші кредиттік бюро мәліметінше, соңғы бес ай ішінде Қазақстан Қытайдан 16 333  автокөлік импортталған.

«ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің мәліметінше, 5 айда Қытайдан импортталған автокөлік саны (16 333 бірлік) 2022 жылмен салыстырғанда (12,5 мың бірлік) біршама артық», — делінген хабарламада.

Ақшалай түрде импорт $291,8 млн (өткен жылы – $183,9 млн) құрады.

Айта кетсек, Қытай бүгінде Қазақстанға жеңіл көліктердің негізгі жеткізушісі болып отыр.

Другие новости

Back to top button