Главное
Қазақстанда өз пәтеріңізге ақша жинау үшін қанша жыл керек

Қазақстандықтарға бір бөлмелі пәтер алу үшін қанша жыл табыс жинау қажеттігі есептелді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Негізгі факторлар
Өз баспанасына қаражат жинау мерзімі екі негізгі факторға байланысты:
- Тұрғын үйдің құны
- Өңірдегі орташа жалақы деңгейі
Қай өңірлерде пәтер бағасы ең қымбат әрі ең арзан екенін бұдан бұрын жарияланған материалдан көруге болады.
Жалақы
Алдымен әр өңірдегі орташа айлықты ескеру маңызды. Krisha.kz сарапшылары бұл ретте Ұлттық статистика бюросының деректеріне сүйенген.
2024 жылғы мәлімет бойынша:
- Ең жоғары жалақы — Маңғыстау облысында: 640 938 теңге
- Ең төменгі жалақы — Түркістан облысында: 304 325 теңге
Мегаполистер бойынша:
- Астана — 604 104 теңге
- Алматы — 539 125 теңге
- Шымкент — 330 193 теңге
Қанша жыл жинау қажет
Орта есеппен алғанда, қазақстандықтарға бір бөлмелі пәтерге ақша жинау үшін 4 жылдан 8 жылға дейін уақыт қажет. Бұл үшін табыстың жартысын немесе түгелін үнемдеп отыру керек.
Ең аз уақыт ішінде баспана жинай алатын өңірлер:
- Атырау — 3 жыл 7 ай
- Ақтау — 3 жыл 8 ай
- Қызылорда — шамамен 4 жыл
Ең ұзақ жинайтындар – алматылықтар:
- Алматыда тұрғын үйдің бағасы ең жоғары, ал жалақы өзге мегаполистермен салыстырғанда орташа деңгейде. Сондықтан жинау мерзімі — 8 жылдан астам.
Сонымен қатар ұзақ жинайтын қалалар:
- Шымкент — 7 жыл 9 ай
- Петропавл — 7 жыл 3 ай
- Түркістан — 6 жыл 1 ай
Астанада орта есеппен 5 жылдан сәл асады.