Образование

Қазақстанда оқушыларды тегін тамақпен қамту мәселесі қалай шешілмек

Алдағы оқу жылында Алматыда 1-4 сынып оқушыларына тегін тамақ беріледі

Қазақстанда қанша оқушы тегін тамақпен қамтылатыны белгілі болды. ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов депутаттық сауалға жауап беру кезінде аталған мәселеге жыл сайын бюджеттен 150 млрд теңге керек жұмсалатынын мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«1-4 сыныпта оқитын 607 мыңнан астам оқушы (41%) тегін ыстық тамақпен қамтамасыз етілген. Оның ішінде 100 пайыз деңгейде Нұр-Сұлтан, Шымкент қалаларында, Атырау, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Павлодар облыстарында, сондай-ақ Ақмола, Маңғыстау облыстарының бірінші сынып оқушылары қамтылған», — деп атап өтті Ералы Тоғжанов.

Сондай-ақ алдағы оқу жылында Алматыда 1-4 сынып оқушыларына тегін тамақ берілетін болады.

«Әр оқушыны тегін тамақпен қамтамасыз ету мәселесін шешу кезең-кезеңмен іске асырылады. Бастауыш сыныптардағы 1,5 млн баланы 100 пайыз бір реттік тамақтандырумен қамту үшін жыл сайын қосымша 150 млрд теңге керек болады. Ал 1-11 сынып оқушыларын қамтуға жылда қосымша 380 млрд теңгеден астам қажет», — деді Е. Тоғжанов.

 

Другие новости

Back to top button