Госорганы

Қазақстанда онкологиялық дерті бар 4,4 мың бала есепте тұр – министрлік

 Қазіргі таңда онкологиялық ауруы бар 4 400 бала министрліктің есебінде тұр. Бұл туралы Денсаулық сақтау вице-министрі Вячеслав Дудник мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

 

«Онкологиялық дерпен ауыратындарға медициналық көмек көрсету — Денсаулық сақтау министрлігі жұмысының өте маңызды бағыты. Ел бойынша 2 орталықта медициналық көмек көрсетіледі. Диагностика тұрғылықты жері бойынша емханада жүргізіледі. Диагноз қойылған соң 2 республикалық орталыққа жіберіледі. Онда толық диагностика жасалады. Елімізде 100 мың адамға шаққанда онкологиялық ауру әр тоғызыншы баладан анықталады. Әлем бойынша орташа көрсеткіш — 14-15. Яғни, балалар арасында онкологиялық аурулардың жиілігі әлемдік орташа көрсеткіштен төмен», — деді Вячеслав Дудник ОКҚ-де өткен брифингіде.

Вице-министр сөзінше, жылына орта есеппен онкологиялық дерті бар 600-ге жуық бала есепке алынады.

«Жылына орташа 600-ге жуық баланы тіркейміз. Оның 60% — жедел лейкемиямен ауыратындар. Оны емдеуде Қазақстан еуропалық стандартты қолданады. Біздің дәрігерлер гематологтармен өте тығыз байланыста. Олар үнемі біліктілігін жетілдіріп огтырады. Жедел лейкемиямен ауыратын балаларды емдеу тиімділігі 75%-ға тең. Химиотерапияның бірінші курсынан кейін оң әсер ету көрсеткіші — 75%. Емдеу шаралары баланың денсаулығына жақсы әсер етеді. Қазіргі таңда біздің есепте онкологиялық ауруы бар 4 400 бала тұр», — деп түйіндеді Вячеслав Дудник.

Другие новости

Back to top button