Социум

Қазақстанда күн жылиды

Синоптиктер Қазақстанда 11-13 қазанға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Zakon.kz.

«Қазгидромет» РМК мәліметінше, алдағы үш күнде күн жылып, ауа райы жауын-шашынсыз болады.

Жаңа жұмыс аптасының басында Қазақстан аумағында жауын-шашын тоқтап, күндізгі температураның жоғарылауына әсер ететін еуропалық антициклонның ықпалында болады, — делінген хабарламада.

Болжам бойынша еліміздің батысы Қара теңіз аймақтарынан келетін тағы бір циклон әсерінде болады. Содан ауа райы бұлтты, жаңбырлы болуы мүмкін.

Қазақстанның солтүстігі мен орталығында термометрлер күндіз 15-20 градусқа дейін, шығыста 13-18 градусқа дейін және оңтүстігінде 20-25 градусқа дейін ыстық болады. Ал елдің батысында ауа температурасының біртіндеп 10-18 градус төмендеуі болжанды.«Қазгидромет» РМК

 

Другие новости

Back to top button