Госорганы

Қазақстанда Көші-қон қызметі комитеті таратылуы мүмкін

«Ашық НҚА» сайтында Ішкі істер министрлігінің Әкімшілік полиция және Көші-қон қызметі комитеттерін тарату туралы Үкімет қаулысының жобасы жарияланды, деп хабарлайды Экспресс К.

Жобаны қабылдау құқық қорғау қызметін ұйымдастыру тәсілдері мен құрылымын бірдей қылуға көмектеседі. Сондай-ақ осы екі комитет қызметкерлерінің әлеуметтік-материалдық жағдайын басқа құқық қорғау органдарымен теңестіруге бағытталған.

«Осылайша Ішкі істер министрлігі құрылымдарының жұмысы қайта құрылып, дербестігі қамтамасыз етіледі. Бұдан бөлек шешімдер қабылдау кезінде басшылардың жауапкершілік деңгейі артады. Бұл лауазымдарды ауыстыру үшін тәжірибесі мол білікті қызметкерлерді тартуға мүмкіндік береді», — делінген қаулы жобасында.

Қаулы жобасы биылғы 19 желтоқсанға дейін талқыланады.

Другие новости

Back to top button