Госорганы

Қазақстанда көліктердің қысқы дөңгелектерінің құны биыл тағы қымбаттады

Қазақстанда көліктердің қысқы дөңгелектерінің құны биыл тағы қымбаттай түсті. Шиналардың өлшем-бірлігіне қарай тауар 5 пайыздан 20 пайызға дейін көтерілген, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі 31 арнаның “Информбюро” бағдарламасына сілтеме жасап.

Доңғалақтардың жоғары сегменттерін табу тіпті қиын. Әсіресе, премиум кластағы дөңгелектер ірі сауда орындары болмаса, бөлшек саудада жоқ.

Мамандар бұны Еуропа елдерінің Ресейге салған санкцияларының салқыны деп түсіндіреді.

Қазірдің өзінде нарық былтырғыға қарағанда орта есеппен 5-тен 20 пайызға көтерілген. Каучуктің өлшемі мен өндірушісі өзекті орын алады екен.
Қысқа қамданатын жүргізушілер үшін бүгінде шиналардың таңдауы өте көп. Бірақ арзаны жоқ. Ал орта бағада қытайлық, ресейлік, белоруcсиялық шиналарды алуға болады екен. Әрине, олардың сапасы да соған сай келеді. Ал қымбат үлгідегі шиналар еуропалық болып есептелінеді.

Мамандардың айтуынша, олардың пайдалану мерзімі де ұзағырақ екен. Бастысы, таңдауда шатаспау керек дейді сатушылар. Сапасы сыр бере қоймайтын арзандау дөңгелектердің данасы 30 мың теңгеден басталады. Шегелі шиналар өлшеміне қарай, 36 мың теңгеден жоғары.

Дегенмен мамандар дөңгелектердің бюджеттік нұсқалары мен орта сегменттеріне сұраныс көп деп отыр. Себебі көпшіліктің көп мінетіні ортаңқол көліктер. Бірақ қауіпсіздікке келгенде, әрине, қымбаты жақсы деп кеңес береді.

Мамандар ауа температурасы 10 градустан төмендесе, қысқы каучукты көлікке кигізе берген дұрыс дейді. Бүгінгі заң да осыны нұсқайды. 1-ші желтоқсаннан дөңгелегін ауыстырмағандарға қыстың үш айында айыппұл қаралған. Биыл оның көлемі 15 315 теңге. Ал қалған уақытта ескертумен шектеледі. Бұны білетін кей жүргізушілер қарекетін қамдай бастаған.

Синоптиктердің болжамынша, алдағы аптада оңтүстікте де температура төмендейді. Айтуларынша, қарашаның екісінің үшіне қараған түні қар аралас жаңбыр жаууы мүмкін. Сондықтан қазірден қамданып, қысқы дөңгелекті сайлап алған жөн деп кеңес береді мамандар.

Другие новости

Back to top button