Госорганы

Қазақстанда жүктіліктің 9-аптасынан бастап ұрықтың ДНҚ диагностикасы

Еліміздің Денсаулық сақтау министрлігі жүктіліктің 9-аптасынан бастап инвазивті емес пренаталдық ДНҚ тест әдісін клиникалық практикаға енгізуді жоспарлап отыр, деп хабарлайды ведомство ресми сайтында.

ДСМ мәліметінше, бұл зерттеу жүктіліктің басында ұрықтың хромосомалық ауытқуларын жоғары сезімталдықпен анықтауға мүмкіндік беретін бірегей заманауи әдістердің бірі болып табылады және әйел үшін де, ұрық үшін де қауіпсіз.

«Жүктілік кезінде скринингтік зерттеулерді уақтылы жүргізу, пренаталдық медицинаның соңғы жетістіктеріне негізделген заманауи және тиімді медициналық технологияларды енгізу туа біткен патология бойынша қауіп тобын бөліп көрсетуге және ұрықтың даму ауытқуларының үлкен спектрін диагностикалауға мүмкіндік береді.

Жүкті әйелдерді скринингпен барынша қамту үшін іргелес аумақтағы жүкті әйелдер санына сәйкес қажеттілікті, аудандарда көлік инфрақұрылымын дамыту тұрғысынан қолжетімділікті, ультрадыбыстық пренаталдық диагностика саласындағы халықаралық стандарттар бойынша жабдықтар мен серитификацияланған мамандардың жеткілікті санымен қамтамасыз етуді ескере отырып, өңірлендіруді жүргізу жоспарлануда», — дейді Денсаулық сақтау министрлігінің өкілдері.

Мамандардың айтуынша, бүгінгі таңда өңірлерде перинаталдық нәтижелерді жақсарту үшін сараптамалық деңгейдегі медициналық қызметтер көрсету мақсатында «Ұрықты қорғау орталықтары» ұйымдастырылған.

Другие новости

Back to top button