Госорганы

Қазақстанда ғылымды қаржыландыру бірнеше есеге артты — Саясат Нұрбек

 Кейінгі үш жылда ғылымды қаржыландыру 3 есеге артты. Бұл туралы Мәжілісте ғылымды дамыту тақырыбындағы Үкімет сағатында Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

 

«Мемлекет басшысының сайлауалды бағдарламасында берген тапсырмасына сәйкес ғылымды қаржыландыруды кезең-кезеңімен ұлғайту бойынша мақсатты жұмыстар ескерілген. Ғылымды қаржыландыру кейінгі үш жылда 3 есеге артты. Бұл қарқын 2021 жылдан басталды және оны жалғастырып келеміз. 2020 жылы 80,2 млрд теңге болса, биыл 172,8 млрд теңге қарастырылды», — деді С. Нұрбек.

Оның айтуынша, ғылым саласына 2024 жылы 247 млрд теңге, 2025 жылы 243 млрд теңге бөлінеді.

«Сондықтан, осы қарқынмен жалпы ішкі өнімге шаққандағы ғылымды қаржыландыру үлесін көтереміз. Бұл бағытта Мемлекет басшысы, Үкімет жағынан нақты қолдау бар», — деді министр.

Бұдан бөлек, ол ғылыми жобаларды коммерцияландыру қаржысы 4 есеге өскенін айтты. Осы ретте 2021 жылы 5,4 млрд теңге болса, 2023 жылы 17,1 млрд теңгеге жетті. Ал, 2024 жылы бұл көрсеткіш 25 млрд теңге болады деп жоспарланып отыр.

«Қолданбалы ғылыми зерттеулерді қаржыландыру 1,6 есеге өсті. 2021 жылы 12,8 млрд теңге болса, 2022 жылы — 19,5 млрд теңге, 2023 жылы 20,8 млрд теңгеге жетті», — деді ведомство басшысы.

Бұдан бұрын хабарланғандай, қазіргі кезде елімізде 22 456 ғылыми кадр бар. https://www.inform.kz/kz/elimizde-zhas-galymdardyn-ulesi-34-payyzga-zhetti_a4068178

Зерттеушілердің 37 пайызы (2022 жылы – 35%) ғылыми және академиялық дәрежеге ие. Сондай-ақ, зерттеушілердің 34 пайызы – 35 жасқа дейінгі жас ғалымдар, 43 пайызы – 35-54 жастағылар, 23 пайызы 55 жастан асқандар ғалымдар.

Другие новости

Back to top button