Госорганы

Қазақстанда ең үздік ауыл әкімі анықталды

Байқау өңірлік және республикалық деп екі кезеңде өткізілді

Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің бастамасымен ауылдық округ әкімдері арасында «Үздік ауыл әкімі» республикалық конкурсы өткізілді. Конкурстың мақсаты үздік ауыл әкімдерін анықтау және насихаттау болып табылады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Өз кезегінде, ауыл әкімдеріне ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында көшбасшылық, сөз сөйлеу, дағдарыстық коммуникация және т.б. дағдыларын шыңдауға арналған арнайы тренингтер өткізілді.

Атап өту керек, конкурсқа қатысу үшін еліміздің түкпір-түкпірінен жүзге жуық ауылдық округінің әкімдері өтінім берді. Облыстардың арасында Қостанай облысынан 14 әкім, Солтүстік Қазақстан облысынан 12 әкім, Жамбыл облысынан 12 әкім конкурсқа өтінім беріп, белсенділік танытты. Байқау өңірлік және республикалық деп екі кезеңде өткізілді.

«Конкурс қорытындысы бойынша Түркістан облысы Шардара ауданы Жаушықұм ауылдық округінің әкімі Нұрсейтов Нұрбақыт Дәулетбекұлы «Үздік ауыл әкімі» атағын иеленді.

Екінші орынды Павлодар облысы Успен ауданы Новопокровск ауылдық округінің әкімі Вячеслав Николаевич Симоненко, үшінші орынды Ақтөбе облысы Шалқар ауданы Айшуақ ауылдық округінің әкімі Оралбек Әбшанұлы Әбшанов ие болды», — деп атап өтті Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Дархан Жазықбаев.

Сондай-ақ Шығыс-Қазақстан облысы Ұлан ауданы Аблакет ауылдық округінің әкімі Агланбеков Арыслан Орынбасарович – «Үздік шаруашыл әкім», Қарағанды облысы Нұра ауданы Баршын ауылдық округінің әкімі Муханалиева Зауре Казанбаевна – «Ашық әкім», Солтүстік-Қазақстан облысы Аққайың ауданы Шағалалы ауылдық округінің әкімі Добромирова Гульмира Оразбаевна – «Үздік әлеуметтік жоба» номинацияларының иегерлері атанды.

Байқау жеңімпаздары мен номинация иегерлері Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының құрмет грамотасымен марапатталды.

Другие новости

Back to top button