Социум

Қазақстанда балалардың ұрлық жасауы көбейген

Кәмелетке толмаған құқық бұзушының басым бөлігі Алматы облысында тіркелген

Қазақстанда мыңнан астам кәмелетке толмаған бала қылмыстық жауапкершілікке тартылған. Бұл бір жыл бұрынғымен салыстырғанда 2,1 пайызға артық, деп хабарлайды Azattyq Ruhy ranking.kz-ке сілтеме жасап.

539 қылмыскер – оқушы, 510 бала жұмыс істемеген де және оқымаған. 336 жасөспірім топтық құқық бұзушылық жасаған (оның 158-і ересектердің қатысуымен). 71 жасөспірім бұған дейін де құқық бұзған.

Кәмелетке толмағандар қандай құқық бұзушылық жасады?

— 468 адам – ұрлық,

— 120 адам – тонау,

— 79 адам – бұзақылық,

— 58 адам – алаяқтық,

-47 адам – автокөлікті ұрлау мақсатынсыз заңсыз иемдену.

Қылмыстық жауапкершілікке тартылған кәмелетке толмағандардың көпшілігі:

— Алматы облысында – 118 адам (жылына +32,6%),

— Жамбыл облысында – 97 адам (жылына +70,2%),

— Түркістан облысында – 92 адам (жылына +24%).

Ең азы – Жетісу, Солтүстік Қазақстан және Павлодар облыстарында тіркелген.

 

Другие новости

Back to top button