ГлавноеОбразование

Қазақстанда балабақша тәрбиешілерінің жалақысы 30 пайызға өседі

Қазақстанда 1 қыркүйектен бастап балабақша тәрбиешілерінің жалақысы өседі. Оқу-ағарту министрлігі мәліметінше айлық табыс 30 пайызға көтерілмек, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Министрліктің мектепке дейінгі білім департаменті балабақша тәрбиешілерінің жалақысы 2020 жылдың қаңтарынан 2023 жылдың қаңтарына дейін жыл сайын 25% — ға өскенін және енді 1 қыркүйектен бастап тағы 30% — ға көтерілетінін хабарлауда. Осылайша еліміздегі 97 мыңнан астам педагогтің еңбекақысы 2,5 есеге артпақ.

“Мемлекет басшысының қолдауының арқасында жүзеге асырылатын педагогтердің жалақысын жыл сайын арттыру оң нәтиже берді. Мектепке дейінгі білім беру жүйесінің кадрлық әлеуетін күшейту мақсатында оларды даярлау, біліктілігін арттыру және аттестаттау жүйесін жетілдіру, әлеуметтік мәртебесі мен жалақысын арттыру бойынша министрлік жүйелі жұмыс жүргізуде. Мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік білім беруді дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы қабылданды. Әдістемелік кабинеттер жанынан мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту педагогтеріне әдістемелік көмек көрсету үшін мобильді топтар құрылды”, — дейді департамент директоры Наталья Жұмаділдаева.

Сондай-ақ, “мектепке дейінгі тәрбие және оқыту” бағыты мен мамандығы бойынша кадрлар даярлау 39 жоғары оқу орны мен 119 колледжде жүзеге асырылады. Осылайша биыл мектепке дейінгі білім берудің 20 мыңнан астам педагогі біліктілікті арттыру курстарынан өткізілмек.

Другие новости

Back to top button