Социум

Қазақстанда бала туу көрсеткіші төмендеген – Экономистер

Қазақстанда cоңғы бір жылда туу көрсеткіші төмендеген. Биыл 262 мың сәби дүниеге келсе, 2019 жылы бұл көрсеткіш орта есеппен 400 мың болған. Экономистер мен саясаткерлер бұған экономиканың да әсер етіп жатқанын алға тартты деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі 31 арнаның “Информбюро” жаңалықтар бағдарламасына сілтеме жасап.

 

Елімізде осымен екінші жыл туу көрсеткішінің төмендеуі байқалады. Бұған дейін 90-шы жылдары адамдардың шетелге кетуіне және болашаққа деген сенімсіздікке байланысты халықтың көбеюі төмендеген. Ал қазір сол кезеңнің бала туу жасына жеткен ересектер саны 80-ші жылдармен салыстырғанда екі есеге аз.

«Қазір Қазақстан демографиялық саңылау алдында тұр. Өйткені бала туу жасындағылар азайып барады. Алдағы 10 жылда туу көрсеткіші төмендейді. Кейін 10 жылдан соң қайта өсе бастайды», — дейді әлеуметтанушы Жанар Жандосова.

Қазіргі жастар экономикалық тұрақтылықтың жоқтығынан балалы болуға соншалықты белсенді емес. Бұл әсіресе ауылдарда байқалады.

Әлеуметтік мәселелерді талдау орталығының директоры Меруерт Махмұтова қалаларда инфрақұрылым, денсаулық сақтау, білім беруде жағдай жасалғандықтан туу көрсеткіші ауылға қарағанда жоғары екенін айтады.

«Соңғы 30 жылда ауылдарда барлық инфрақұрылым біртіндеп жойылды. Жұмыс орындары жоқ. Бұл ауылдың мемлекеттің назарында болмағанының салдары», — деді маман.

Другие новости

Back to top button