Главное

Қазақстанда әуе билеттері қымбаттады

Қазан айының қорытындысы бойынша елімізде әуе қызметтерінің бағасы бір жылда 16,4%-ға өскен, деп хабарлайды Экспресс К.

Бұл туралы Inbusiness.kz сайты жазды. Бағаның ең жоғары жылдық өсімі Батыс Қазақстан облысында тіркелген ( 51,3 пайыз). Одан кейін Шымкент қаласы (жылына 45 пайыз) мен Ақтөбе облысы ( 37,1 пайыз) тұр. Ең төменгі қымбаттау Жамбыл облысында байқалған.

Еліміздің 20 өңірінің төртеуінде өткен жылдың қазан айымен салыстырғанда баға төмендеген. Ұлытау облысында 22 пайызға, Алматыда — 13,4, Қарағандыда — 11 пайызға, Қызылордада 4,1 пайызға төмендеген.

Енді жолаушылар ұшақ 5 сағатқа (10 сағат емес) кешіктірілсе, билеттің толық құнын қайтара алады.

Өтемақы әуе кемесінің кешігуінің әрбір сағаты үшін билет құнының 3 пайызын құрайды. Еліміздің Сыртқы істер министрлігі рейстердің кешігуінің артуына байланысты талапты күшейтуді жоспарлап отыр. Мәселен, өткен жазда кешіктірілген рейстер саны — 63.

Биылғы қаңтар, қазан айларында әуе көлігімен 9 миллион жолаушы тасымалданған. Бұл былтырғымен салыстырғанда 15,8 пайызға артық. Ең жоғары көрсеткіш Алматыда тіркелді, яғни — 6,1 миллион адам. Одан кейін Шымкент (2,4 млн адам) пен Астана (467,1 мың адам) тұр.

 

Другие новости

Back to top button