Госорганы
Қазақстанда 73 мыңға жуық отбасыға АӘК төлеу үшін 55,9 млрд теңге бөлінген
2024 жылы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша, еоісізде 385 мыңнан астам адамға атаулы әлеуметтік көмек төленген, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметіне сүйенсек, елімізде 72,7 мың отбасындағы 385,6 мың адамға атаулы әлеуметтік көмек төленіп отыр. Биыл осы мақсатқа бюджеттен 55,9 млрд теңге қарастырылған.
«Бұрын хабарланғандай, атаулы әлеуметтік көмектің негізгі мақсаты – ақшалай төлем түрінде қолдау. Табысы өңірлік ең төмен күнкөріс деңгейінің 70% аспайтын азаматтарға тоқсан сайын әлеуметтік көмек төленеді», — деп хабарлайды министрлік.