
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2024 жылға арналған ең төменгі жалақы, айлық есептік көрсеткіш және зейнетақының ең төменгі мөлшерін айқындайтын заңға қол қойды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Заңда 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап:
— ең төменгі жалақы мөлшері — 85 000 теңге;
— мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің ең төменгі мөлшері — 28 215 теңге;
— зейнетақының ең төменгі мөлшері — 57 853 теңге;
— айлық есептік көрсеткіш (АЕК) — 3 692 теңге;
— базалық әлеуметтік төлемдердің мөлшерін есептеу үшін ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасы 43 407 теңгені құрайтын болады.