Госорганы

Қазақстанда 11 мыңға жуық адам іздеуде жүр – Бас прокуратура

Олардың 2 176-ы – хабар-ошарсыз жоғалғандар

Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің деректері бойынша қазіргі уақытта 10 748 адам іздестіріліп жатыр, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Бас прокуратураның мәліметінше, олардың 2 176-ы – хабар-ошарсыз жоғалғандар.

Жоғалған адамдардың көп бөлігі:

  • Алматы қаласы — 287;
  • Қарағанды облысы-221;
  • Павлодар облысы-170;
  • Алматы облысы — 167 тіркелген.

Көбінесе 30 -дан 49 жас аралығындағы ер адамдар әртүрлі жағдайларда жоғалады (77%).

  • Үйден кетіп, оралмаған — 1 634 адам;
  • автокөлікпен жоғалған – 74;
  • жұмыстан кеткен-36.

Сондай-ақ елде тергеу мен соттан жасырынған 2 372 адам іздестіріліп жатыр

Іздестірілуде жүргендер негізінен 31 мен 40 жас аралығындағы ер адамдар (89%).

Олардың ең көп саны алаяқтық (510), ұрлық (318) және кісі өлтіру (146) дерегі бойынша:

Алматы қаласында (514)

Астана қаласында (185)

Шымкент қаласында (155)

Алматы облысында (143)

Қарағанды облысында (140) іздестіріліп жатыр.

Бас прокуратура Қазақстанда іздестіруді ішкі істер органдары, экономикалық тергеу қызметі және сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет жүзеге асыратынын еске салады.

Другие новости

Back to top button