Госорганы

Қазақстанда 10 баласы бар отбасыға қанша жәрдемақы төленеді?

Жыл басынан бері көпбалалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақымен орта есеппен 545,7 мың отбасы қамтылған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, төленген жәрдемақының жалпы сомасы – 205,2 млрд теңге, оның ішінде маусым айында 557,3 мың отбасына 34,9 млрд теңге мөлшерінде жәрдемақы төленді.

“Бұл мемлекеттік жәрдемақыға 4 және одан да көп бірге тұратын кәмелетке толмаған немесе 23 жасқа дейінгі күндізгі бөлімде оқитын студент балалары бар отбасылар табысына қарамастан үміткер бола алады”, – делінген хабарламада.

Төлем мөлшері бала санына қарай есептеліп төленеді. Көпбалалы отбасылардағы:

— 4 баласы бар отбасыларға – 16,03 АЕК немесе 55 304 теңге;

— 5 балаға – 20,04 АЕК немесе 69 138 теңге;

— 6 балаға – 24,05 АЕК немесе 82 973 теңге;

— 7 балаға – 28,06 АЕК немесе 96 807 теңге;

— 8 және одан да көп баласы бар отбасыларға – әр балаға 4 АЕК немесе 13 800 теңге мөлшерінде.

Айта кетейік, бұдан бұрын Қазақстандағы орташа зейнетақы мөлшері қанша екенін жазғанбыз.

Другие новости

Back to top button