![](https://matritca.kz/wp-content/uploads/2024/02/full_168006339721c1d4914ac10bc53c1aa54349682e2b_webp-780x470.webp)
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ел үкіметін отставкаға жіберу туралы қаулыға қол қойды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Премьер-министрдің міндетін уақытша Роман Скляр атқарады. Ол бұған дейін премьер-министрдің бірінші орынбасары болған. Ал үкімет мүшелері үкіметтің жаңа құрамы тағайындалғанға дейін өз міндетін атқара береді.
Қазақстан Республикасы Конституциясының 70-бабына сәйкес Қасым-Жомарт Тоқаев үкімет отставкасын қабылдады.
“Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі міндетін атқару уақытша Роман Васильевич Склярға жүктелсін”, делінген құжатта.
Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Бұған дейін үкіметті басқарған Әлихан Асханұлы Смайылов 2022 премьер-министр лауазымына тағайындалған еді.