Ақша

Қазақстан тоғыз жылда бірінші рет еурооблигация нарығына шықты

Қазақстан Республикасы АҚШ долларымен номинацияланған еурооблигациялар нарығына сәтті оралды: үкімет 2015 жылдан бері бірінші рет 10 жыл мерзімге 1,5 млрд долларды 4,714% купондық мөлшерлеcімен биржаға шығарған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Қаржы министрлігінің мәліметіне сүйенсек, еурооблигация Лондон қор биржасы мен «Астана» халықаралық қаржы орталығының биржасына шықты.

«Қазақстан бұл мәмілеге дейін инвестициялық рейтингісі мықты мемлекеттер үшін ғана көрінетін бір күндік виртуалды роуд-шоу өткізген еді. Бұдан өзге, Moody’s агенттігінің Қазақстанның егеменді рейтингін Baa1 деңгейіне дейін өсіргені де осы еурооблигация үшін жақсы негіз болды», -деп хабарлайды Қаржы министрлігі.

Другие новости

Back to top button