Бизнес

Қазақстан нарығына микроблогерлермен жұмысқа арналған платформа шықты — Perfluence

Қазақстан нарығына Perfluence платформасы шықты, DREAM халықаралық компаниясының бөлігі болып саналатын платформа микроинфлюенсерлер арқылы брендтерге сатылымдар ұйымдастырады және Үндістанда, Мексикада, Бразилияда жұмыс істейді. Платформа брендтер мен блогерлер арасында делдал ретінде әрекет етеді.

Perfluence платформасы блогерлермен жұмыс істеудің жаңа схемасын ұсынады және нәтижеге кепілдік береді. Бренд пен блогердің өзара әрекеттесуінің дәстүрлі моделі мынадай: блогер өз аккаунтының танымалдығына назар аудара отырып, өз қызметтерінің құнын атайды, ал жарнама беруші сәйкесінше жарияланымға ақы төлейді.

Блогерлермен дәстүрлі жұмыс істеуден айырмашылығы, платформа жаңа модель ұсынады, онда клиент жарияланымдарды орналастыру үшін емес, блогер арқылы тауарлар мен қызметтердің сатылымы үшін төлейді. Қазақстандағы Perfluence компаниясының бизнесті дамыту жөніндегі директоры Тарлан Усейнов бұрын Қазақстандағы TikTok эксклюзив селлерінің сатылымын басқарған, елдің инфлюенс-нарығынан хабары бар маман. Оның айтуынша, Perfluence платформасы компанияларды миллиондаған оқырманы бар блогерлерге ғана емес, микроблогерлермен де көбірек жұмыс істеуге тартады.

“Бірақ біз CPA (Cost Per Action) деп аталатын блогерлер қызметінің ақысын төлеу моделін қолдана отырып, қатердің қайсыбір түрін де түгелдей өз мойнымызға аламыз. Яғни, клиент нақты нәтиже алған жағдайда ғана блогердің қызметіне ақы төлейді”, — дейді Т.Усейнов.

Perfluence платформасының маңызды айырмашылығы мен құндылығы микроблогерлерді, яғни жазылушыларының саны 50 мыңнан аспайтындарды да қамтуында. Мұндай блогерлерге деген сенім атақты адамдарға қарағанда жоғары, демек, сөзі де өз аудиториясына сөзі өтімдірек.

Платформаның негізін қалаушылар өзін “микроблогерлер үйі” деп атайды. Платформамен қазірдің өзінде 350 мыңнан астам блогер, 200 клиент, 1400-ге жуық блогермен жұмыс жөніндегі менеджерлер ынтымақтастық орнатқан. Осы адамдардың бәріне Perfluence нақты пайда табатын орынға айналды. Бүгінгі таңда Perfluence — ТМД-дағы ең ірі платформа, оның блогерлермен тиімді жұмысының арқасында клиенттер нәтиже алады. Компания 2022 жылы $30 млн табыс көрсеткішіне жетті.

Платформамен ынтымақтаса бастаған қазақстандық микроблогерлер “нәтиже үшін” жаңа моделі бойынша жұмыс істей отырып, 70 млн теңгеден астам табыс тапты.

Еске сала кетейік, сараптамалық компаниялардың бағалауы бойынша, брендтерді блогерлер арқылы дамытудың жаһандық көрсеткішінде өсу үрдісі байқалып отыр. Мысалы, Statista мәліметтері бойынша, 2019 жылдан 2021 жылға дейін ықпал ету маркетингі нарығының көлемі екі есеге артып, 2023 жылы $13,8 млрд-қа жеткен. Insider Intelligence бағалауы бойынша, брендтер блогерлерге беретін жарнамасына бірнеше есе көп қаражат жұмсайды — $21,1 млрд-тан жоғары.

 

Perfluence компаниясы туралы

Perfluence платформасы 2019 жылдан бастап компанияларға микро-инфлюенсерлер арқылы тиімді пайда табуға көмектесіп келеді. Біздің клиенттеріміз – бизнестің түрлі саласындағы ең ірі жарнама берушілер, олар блогерлермен жұмысында тиімділікке, өзлшемі бар әрі нәтижелі жарнама кампанияларын таңдайды. 

Біздің миссия:

Блогерлермен әлем бойынша тиімді жарнама кампаниялары.

Ерекшелігіміз неде?

  • ТМД мен Еуропадағы барлық басты платформалардағы ең ірі блогерлер базасы CPA моделі бойынша брендтерді дамытуға дайын 340 мыңнан астам инфлюенсер
  • Қазақстандық аудиториясы бар 19 мыңнан аса блогер
  • 1400+ скаут, олар Сіздің бөлімнің функциясын инфлюенсерлермен бірге орындайды
  • Блогерлерді жобаға алдын ала ұсынудың алгоритмі

Құны:

  • Қызметтеріміздің құныАрнаулы Әрекеттердің құны, платформаны қолдануға ешқандай комиссия жоқ. Біздің клиенттер Арнаулы Әрекеттерге ақша төлейді, ал лайк, пікір және брендтің танымалдығы — тегін.

Біздің кейстер: https://vc.ru/u/355988-kirill-pyzhov

 

Бизнес-сұранымдар үшін байланыс:

Тарлан Усейнов

Қазақстанда бизнес дамыту жөніндегі директор

tu@perfluence.io

+77019132659

TG: @Tarlan_Useynov

 

Наталья Румянцева

Сату бөлімінің басшысы

n.rumyanceva@perfluence.io

TG: @rumi_umi

Другие новости

Back to top button