Госорганы

Қазақстан нарығына жаңа ұялы байланыс операторы кіруі мүмкін

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Асхат Оразбек ел нарығына тағы бір ұялы байланыс операторы кіруі мүмкін екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Асхат Оразбек катарлық компания сатып алған Tele2 мен Altel азаматтар үшін қолжетімді екенін еске салды. Ендігі мәселе – олардың қандай шара қабылдайтыны.

«Менің ойымша, бұл алдағы жарты жылда белгілі болады. Егер нарықтағы жағдай өзгермесе, біз тағы бір оператор үшін жиіліктер жолағын дайындап қойдық. Яғни нарықта ештеңе өзгермесе, төртінші ұялы байланыс операторын іске қосамыз. Егер қазіргі үш оператор азаматтарға сапалы қызмет көрсетпей, қажеттіліктерін қанағаттандыра алмаса, екі жылдан соң нарыққа төртінші операторды кіргізуге дайын боламыз», — деді Оразбек Үкіметте өткен брифингте.

Другие новости

Back to top button