ГлавноеГосорганы

Қазақстан мен Өзбекстан шекараларын демаркациялау туралы шартқа қол қойылды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Өзбекстанға мемлекеттік сапары аясында бірқатар құжатқа қол қойылды, деп хабарлайды Ақорда.

Келіссөз қорытындысы бойынша Қасым-Жомарт Тоқаев пен Шавкат Мирзиёев Қазақстан Республикасы мен Өзбекстан Республикасы арасындағы Одақтастық қатынастар туралы шартқа және Қазақстан Республикасы мен Өзбекстан Республикасы арасындағы Қазақстан- Өзбекстанның мемлекеттік шекараларын демаркациялау туралы шартқа қол қойды.

Сонымен қатар ресми делегациялардың мүшелері мемлекет басшыларының қатысуымен мынадай құжаттарға қол қойды:

1. Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Өзбекстан Республикасының Үкіметі арасындағы «Орталық Азия» халықаралық өнеркәсіптік кооперация орталығын құру туралы негіздемелік келісім;

2. Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі мен Өзбекстан Республикасы Инвестициялар және сыртқы сауда министрлігі арасындағы Электрондық сауда жүйесін дамыту саласындағы өзара түсіністік туралы меморандум;

3. Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Өзбекстан Республикасының Үкіметі арасындағы Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім саласындағы ынтымақтастық туралы келісім;

4. Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Өзбекстан Республикасының Үкіметі арасындағы Экология және қоршаған ортаны қорғау саласындағы ынтымақтастық туралы келісім;

5. Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі мен Өзбекстан Республикасының Орман шаруашылығы жөніндегі мемлекеттік комитеті арасындағы Орман шаруашылығы саласындағы өзара түсіністік туралы меморандум;

6. 2000 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Өзбекстан Республикасының Үкіметі арасындағы Азаматтардың өзара сапарларының шарттары туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттама;

7. Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі мен Өзбекстан Республикасының Президенті жанындағы Стратегиялық реформалар агенттігі арасындағы Ынтымақтастық туралы меморандум;

8. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі мен Өзбекстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік қызметті дамыту агенттігі арасындағы Мемлекеттік қызмет саласындағы өзара түсіністік туралы меморандум;

9. Қазақстан Республикасы Қызылорда облысының әкімдігі мен Өзбекстан Республикасы Науаи облысының хокимиаты арасындағы ынтымақтастықты кеңейтудің 2023-2024 жылдарға арналған жол картасы; 10. Қазақстан Республикасы Түркістан облысының әкімдігі мен Өзбекстан Республикасы Жизақ облысының хокимиаты арасындағы ынтымақтастықты кеңейтудің 2023-2024 жылдарға арналған жол картасы

11. Қазақстан Республикасы Түркістан облысының әкімдігі мен Өзбекстан Республикасы Ташкент облысының хокимиаты арасындағы ынтымақтастықты кеңейтудің 2023-2024 жылдарға арналған жол картасы;

12. «ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясы» АҚ мен «Узбекнефтгаз» АҚ арасындағы келісім;

13. «Eurasian Resources Group S.а.r.L.» компаниясы мен «Sanoat Energetika Guruhi Enera» ЖШҚ арасындағы Ынтымақтастық туралы келісім;

14. «Қазфосфат» ЖШС, «Узкимёсаноат» АҚ және KP Fertilizers Ltd. арасындағы Өзбекстан Республикасында минералды тыңайтқыштар өндіру жөніндегі бірқатар кешендер құрылысының инвестициялық жобаларын іске асыру шеңберіндегі бірлескен әріптестік туралы келісім;

15. «PTC Holding» ЖШС (Қазақстан Республикасы) мен Өзбекстан Республикасы Ташкент облысының хокимиаты арасындағы Ынтымақтастық және өзара түсіністік туралы меморандум.

Бұған дейін Қазақстан мен Өзбекстан президенттері кеңейтілген құрамда келіссөз жүргізді.

Другие новости

Back to top button