Госорганы

Қазақстан мен Макао визасыз режим туралы келісімге қол қойды

Қазақстан мен Макао өзара визалық талаптардан босату туралы келісімге қол қойды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агентігі хабарлайды.

 

 

Қазақстанның Қытайдағы елшісі Шахрат Нұрышев пен Макао арнайы әкімшілік ауданының әкімшілік және әділет хатшысы Чонг Вэн Чонг Қазақстан мен Қытай Халық Республикасының Макао арнайы әкімшілік аймағының үкіметі арасындағы 14 күнге дейін визалық талаптардан өзара босату туралы келісімге қол қойды.

Ақпаратқа сәйкес, құжат ішкі мемлекеттік рәсімдер аяқталғаннан кейін күшіне енеді.

Макао – Қытай Халық Республикасының ерекше әкімшілік ауданы, әлемдегі ең халқы көп аймақ.

Другие новости

Back to top button