Қазақстан мен Корея астаналары арасында әуе қатынасы қалпына келтіріліп жатыр

Көлік министрлігінің Азаматтық авиация комитеті тұрақты негізде ұшу географиясын кеңейту және қолданыстағы бағыттар бойынша рейстер санын ұлғайту бойынша жұмыс жүргізуде.
Мәселен, Қазақстан мен Корея авиациялық билік орындары арасындағы келіссөздер қорытындысы бойынша уағдаластықтар шеңберінде биыл ақпан және наурыз айларында Алматы және Сеул қалаларында, 15 маусымнан бастап «Эйр Астана» әуе компаниясы Астана – Сеул бағыты бойынша екі елдің астаналары арасында әуе қатынасын қайта бастайды.
Рейстер сыйымдылығы 166 орындық «Эйрбас-А321LR» үлгісіндегі әуе кемелерінде аптасына 2 рет (сәрсенбі және сенбі күндері) жиілікпен орындалатын болады.
Әуе қатынасы екі ел арасындағы сауда-экономикалық, іскерлік және туристік ынтымақтастықты одан әрі дамытуға ықпал ететін болады.