Госорганы

Қазақстан биыл бір айлық машыққа екі есе көп әскери міндеттілерді шақырады

Тиісті бұйрықты Қазақстанның қорғаныс министрі Руслан Жақсылықов шығарды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Әскери міндетті азаматтардың былтыр 1500-і бір айлық әскери машықтан өткен. 2024 жылы олардың саны 3 мың болады.

«Қазақстан Республикасы Қарулы күштері бас штабының ұйымдастыру-жұмылдыру жұмысы департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрықтың әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеп, қорғаныс министрлігінің интернет-ресурсында орналастырсын», — делінген бұйрықта.

Жұмысты атқару міндеті қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – бас штаб бастығына жүктелген.

Другие новости

Back to top button