Госорганы

Қазақстан азаматтары ресейлік телеарналарды сот арқылы бұғаттай алады

Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі ресейлік телеарналарды Қазақстан аумағында бұғаттауға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

 

Министрдің сөзінше, азаматтар ресейлік арналарды сотқа шағым түсіру арқылы бұғаттай алады.

«Тек сот шешімі бойынша ғана шектей аламыз. Осыған байланысты азаматтардың шағымы болса және сот шешім қабылдаса, біз мұны жүзеге асырамыз. Егер сот үкімінде заң бұзушылықтар анықталса, мұндай шешім жүзеге асырылады. Қазір жалпы мониторинг жүргізіліп жатыр. Бұған қатысты көптеген сұрақтар сыртқы істер министрлігінің құзырында», – деді Дархан Қыдырәлі.

Министрдің азаматтардың дұрыс ақпарат алуы күннің басты мәселесі екенін атап өтті.

«Сондықтан бұл сұрақты қарастырып жатырмыз. Біздің министрлік өз бетінше мұндай шектеулермен шұғылданбайды. Негізінен азаматтардың ойын тыңдаймыз, мониторинг жүріп жатыр», – деп қосты ол.

Другие новости

Back to top button