Госорганы

Қазақстан автожолдарында орташа және максималды жылдамдық енгізіледі

Мәжілісте «Жол жүрісі туралы» заңға көлік құралдарының орташа және максималды жылдамдығы ұғымдары енгізілетіні айтылды. Бүгінгі отырыста бұл түзетулер жол-көлік оқиғасы салдарынан болатын апаттар санын азайтуға бағытталғаны айтылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

 

Парламент мәжілісі хабарлағандай, бұл түзетулер сертификатталған арнайы бақылау-өлшеу құралдары мен аспаптары орнатылатын жолдың барлық учаскесінде жүргізушілердің жылдамдығын төмендетуге, сондай-ақ жол-көлік оқиғасы салдарынан болатын апаттар санын азайтуға бағытталған.

“Бұл ретте «орташа жылдамдық» көрсетілген құрылғылар мен құралдар арқылы жолдардың түзу учаскелерінде және айналма жолдары жоқ қала сыртында автоматты түрде есептеледі”,-деп аталып өтті мәжілісте.

Сондай-ақ әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекске көлік құралдарында белгіленген жылдамдықты 60 және одан да көп км/сағат асырғаны үшін 40 АЕК көлемінде айыппұл түріндегі қатаң әкімшілік жауапкершілік енгізіледі.

Айта кетейік, енді мопед айдаушылар да жүргізуші куәлігін алып, техбайқаудан өтуге тиіс.

Другие новости

Back to top button