Госорганы

Қазақстан астық пен ұнды экспортқа шығарады

Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев тиісті бұйрыққа қол қойды

ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі бидай пен ұн экспортына шектеулерді алып тастады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Қазақстанның ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілері бидай мен ұнды шетелге шектеусіз сата алады.

Еске сала кетейік, бұған дейін Қазақстанның азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін бидай мен ұн экспортына квота енгізу туралы шешім қабылданған еді. Алайда, әлемдік нарықтағы жағдай тұрақтанғаннан және Қазақстандағы астық өніміне жасалған болжамның оң көрсеткішінен кейін  енгізілген квотаны алып тастау туралы шешім қабылданды.

«Бүгінгі күні республиканың барлық облысында егін жинау жүріп жатыр. Әкімдіктердің деректеріне сәйкес, қазіргі уақытта елімізде 11,3 млн га астық жиналды — бұл жоспардың 69,8%.  12 ц/га орташа өнімділікте 13,5 млн тонна астық бастырылды. 2021 жылы бұл уақытта орташа өнімділік 8,9 ц/га құраған болатын», — деп көрсетті АШМ баспасөз қызметі.

Другие новости

Back to top button