Культура

«Қазақстан аруы-2023» сұлулық байқауының жеңімпазы кім

Алматыда «Қазақстан аруы-2023» ұлттық сұлулық байқауының финалы өтті. Биылғы байқаудың жеңімпазы Сабина Ыдырысова атанды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Биылғы байқау экологияны қорғауға бағытталған “Болашақты аяла” — “Защити будущее” ұранымен ұйымдастырылды. Ақтық сынға көп сұлудың ішінен іріктелген 25 қыз қатысты.

Қазылар ең әуелі 25 қатысушының ішінен үздік 12 қызды анықтады. Кейін 5 қыздың ішінен жеңімпаздың есімі белгілі болды.

Нәтижесінде “Көрермен дауысына ие болған ару-2023” аталымы Аделлина Балғымбаеваға, “Қазақстан вице-аруы-2023” аталымы Ботагөз Нұржігітоваға, “Қазақстан Жер аруы-2023” аталымы Аяулым Әлімхалиеваға, “Қазақстан әлем аруы-2023”  аталымы Мадина Әлмұхановаға бұйырды.

Ал Сабина Ыдырысова “Қазақстан аруы-2023” атанды. Байқау жеңімпазы «Әлем аруы» атағы үшін бақ сынайды.

«Қазақстан аруы-2023» жеңімпазына 5 миллион теңге ақшалай сыйлық пен халықаралық деңгейдегі конкурстарға қатысу мүмкіндігі берілді. Қала берді, «Тұран» университетінде грантта білім алу құқығы, конкурстың эксклюзивті сыйлығы бьюти-бокс табысталды.

Сабина – кәсіби балерина. Селезнев атындағы білім ордасын тәмамдап, бірнеше жыл «Астана Балет» театрында жұмыс істеді. Қазір ол қазақ және ағылшын тілдерін жетік меңгеріп, актерлік білім алуды жоспарлап отыр.

Другие новости

Back to top button