Спорт

Қазақстан әлем чемпионатын өткізу үшін қанша стадион салуы керек

Қазақстан мен Өзбекстан 2034 жылы әлем чемпионатын бірлесіп өткізуі үшін қанша стадион салу керек екені айтылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Tengri Sport сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

 

Championat Asia мәліметінше, екі елдегі үш стадион 2034 жылғы әлем чемпионатын өткізуге қойылатын минималды талаптарға сай.
Сондай-ақ 2026 жылғы әлем чемпионатына қатысатын елдер қатарының кеңеюіне байланысты Азия елдеріне 10-нан астам арена салуға тура келуі  мүмкін.

«Біз әлем чемпионатының матчтарын қабылдайтын стадиондар санын қысқарту тенденциясы бар екенін көріп отырмыз. 2002 жылғы әлем чемпионатында 20 стадион болса, 2018 жылы олардың саны 12, ал 2022 жылы жалпы саны 8 стадион. Сонымен қатар, турнир үшін салынған ареналар да аз.

Стадиондардың ең аз сыйымдылығы орта есеппен шамамен 35-40 мың көрерменді құрайды. Өзбекстанда бұл талаптарға тек «Пахтакор» мен «Бунёдкор» ғана жауап бере алады. Алайда екі арена да қайта жөндеуді қажет етеді. Ең алдымен бұл «Пахтакорға» қатысты, оны қалпына келтіруден гөрі бұзу оңайырақ. Қазақстанда мұндай стадион саны біреу ғана. Ол 33 мың адамға лайықталып, 2009 жылы салынған «Астана Арена» стадионы» — деді Vesti.kz сайты.

Сонымен қатар бірде-бір арена әлем чемпионатын қазіргі қалпында өткізуге дайын емес. Осылайша екі ел кем дегенде 13 жаңа стадион салып, үшеуін қайта жаңартуы керек.

«2026 жылы АҚШ, Канада және Мексика қабылдайтын әлем чемпионатында бұрынғыдай 32 емес, 48 команда болатынын ескерген жөн. Сонымен қатар турнир матчтарын қабылдайтын стадиондар саны тағы да көбейген.

2034 жылғы әлем чемпионатын өткізу үшін Өзбекстан мен Қазақстан кем дегенде 13 жаңа стадион салып, үшеуін қайта жаңғыртуы керек», – деп толықтырды сайт.

Другие новости

Back to top button