Спорт
Қазақстан 2026 жылғы Қысқы Олимпиадаға ресми шақырту алды

Қазақстанның Ұлттық Олимпиада комитеті 2026 жылы Италияның Милан және Кортина-д’Ампеццо қалаларында өтетін Қысқы Олимпиада ойындарына ресми шақырту алды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Халықаралық Олимпиада комитеті (ХОК) бұл шақыртуды төртжылдықтың басты қысқы жарысына қатысу құқығын ресми түрде растау мақсатында жолдаған.
Қазақстандық спортшылар алғаш рет 1994 жылы қысқы Олимпиадаға тәуелсіз ел ретінде қатысқан. Содан бері олар ел қоржынына сегіз медаль салды: бір алтын, үш күміс және төрт қола.