Главное

«Қазақмыста» қаза тапқан кеншілердің жақындары қандай көмек алған – Ұлытау әкімі Тоқаевқа есеп берді

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлытау облысының әкімі Дастан Рыспековті қабылдады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Облыс әкімі президентке есеп беріп, аймақтың негізгі экономикалық көрсеткіштері туралы баяндаған. Мәселен, былтыр өңірге 226 миллиард теңгеден астам инвестиция тартылған екен.  Оның 89 пайызы – жеке инвестиция. Биыл құны 138 миллиард теңгені құрайтын 17 жобаны іске асыру жоспарланып отыр.

Сондай-ақ ол президенттің алдында аймақтағы қауіпті өндіріс орындарындағы еңбек шарттары туралы есеп берген.

«Дастан Рыспеков «Қазақмыс» корпорациясының кенішінде таяуда болған апат салдарынан қаза тапқан шахтерлердің отбасылары қандай көмек алып жатқанын айтты», — деп хабарлайды Ақорда.

Айта кетейік, бүгін үкімет осы апаттың алдын ала себептерін жария етті. 

Другие новости

Back to top button