Улытауская область

«Қазақмысқа» тиесілі шахтада 40 жастағы шахтер қаза тапты

«Қазақмысқа» тиесілі шахтада 40 жастағы шахтер қаза тапты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz

Бұл туралы компания өкілдері хабарлады.

ОҚИҒА ҚАЙДА БОЛҒАН 

Қайғылы оқиға «Қазақмыс» компаниялар тобы Шығыс Жезқазған кенішінің «Анненск» шахтасында болған.  Өндірістегі жазатайым оқиға салдарынан 1985 жылы туған 5-разрядты ұнтақтаушы қаза тапты.

КОМИССИЯ ҚҰРЫЛДЫ

Оқиғаның мән-жайы мен себептері анықталуда, жазатайым оқиғаны тергеу үшін арнайы комиссия құрылды.

КӨМЕК КӨРСЕТІЛЕДІ

Қазақмыс басшылығы мен ұжымы, марқұмның туыстары мен жақындарына көңіл айтты. Оның отбасына жерлеу шығындарымен, ұжымдық шартта көзделген барлық қажетті көмек көрсетілетін болады.

Другие новости

Back to top button